Жаналық

Хабарландыру! Үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының назарына!

2020-02-21 86 рет қаралды

Жаңақорған ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ЕСКЕРТЕДІ, жыл сайын 31 наурызға дейін ҮЕҰ Дерекқорына әр ұйым өзінің қызметі туралы мәліметті ұсынуы тиіс екендігін және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес (ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығы) ҮЕҰ Дерекқорында мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейтінін хабарлайды. Сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

ҮЕҰ - мекеме, қоғамдық бірлестік, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған.

Қосымша ақпаратты +7(724 35) 22-2-90 телефоны арқылы және infonpo.kz сайты арқылы алуларыңызға болады.