Жаналық

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

2020-02-24 71 рет қаралды

2020 жылғы 21 ақпандағы Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы отырысының 4 хаттамасы негізінде Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңес құрамы мүшелігінен М.Нұртазаевпен А.Көгенбаевты шығару жөніндегі мәселелер және Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңес құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына жаңадан бір мүше сайлау мәселесі талқыланды.

Қатысқандар: жұмыс тобының басшысы Е.Ильясов, жұмыс тобының мүшелері И.Нарзилдаев, Н.Әмір және жұмыс тобының хатшысы Т.Шерубаев.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы  Қоғамдық кеңестер туралы №383-V Заңының 15-бабының 1 тармағына және Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңес отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде кеңес мүшелігінен М.Нұртазаевпен А.Көгенбаевтың өз өтініштері бойынша шығып және Қоғамдық кеңестер туралы заңның 9-бабына сай Жаңақорған аудынының «Құрметті азаматтары» ұсыныстары негізінде құқық қорғау саласының ардагері Сапарбаев Торебай Искаковичтің кандидатурасы ұсынылды. 

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігінен М.Нұртазаевпен А.Көгенбаев шығарылды. Қоғамдық кеңес мүшелігінен шыққан бір мүшесінің орнына қалған мерзіміне Сапарбаев Торебай Искакович сайланып, Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесінің өзгерістер енгізілген құрамы Жаңақорған ауданының мәслихаты сессиясының қарауына ұсынылды.