Жаналық

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болды

2020-02-27 93 рет қаралды

«Nur Otan» партиясы Елбасының өңірлердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізуде. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбек Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесті.

2,7 мыңға жуық халық тұратын ауылдық округтің негізгі проблемасы – орталықтандырылған газ жүйесіне қосылу. Қазіргі таңда 400-ден астам тұрғын үйге газ кіргізу үшін жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді. 2021 жылы елді мекенді газбен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Тұрғындармен кездесу барысында балабақшада орын жетіспеу мәселесі де көтерілді. 1974 жылы салынған «Қызғалдақ» мектепке дейінгі мекемесі 65 орынға ғана есептелген. Көктемде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа балабақша құрылысы басталады. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.