Жаналық

Жаңақорған ауданында алғыс айту күні аталып өтті

2020-03-02 67 рет қаралды

Бүгін Төменарық ауылындағы ауылдық клуб үйінде «1-наурыз Алғыс күні» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына» орай «Шын жүректен…» атты салтанатты шарасы өтті. Жиында сөз алған аудан әкімі тәуелсіздіктің толағай табыстарына елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің де үлесі бар екенін жеткізді. Іс-шараға сала басшылары, ардагерлер, этнос өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын соңында ауданымыздың өнер майталмандары мен өнерпаз оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндермен аяқталды.