Жаналық

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы тағайындалды

2020-03-02 257 рет қаралды

Жаңақорған ауданының әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының 2020 жылдың 2 наурыз күнгі №117-ж/қ өкімімен Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Дархан Есалыұлы - 1975 жылы 25 тамыз күні Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1996 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін заңгер мамандығы, 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996-1997 жылдары "Қыркеңсе" шаруашылық серіктестігі, экономика бөлімінде статист, 1998 - 1999 жылдары Астана қалалық әділет басқармасында және Алматы аудандық сотында сот орындаушы, 2000 - 2004 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші, 2004 - 2010 жылдары Маңғыстау облысының сот админстраторының орынбасары, 2010 - 2011 жылдары Батыс Қазақстан облысының соттары әкімшісі, 2011 - 2016 жылдары Маңғыстау облыстық соты кеңсесінің басшысы, 2016 - 2017 жылдары Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Жаңаөзен қалалық сотының судьясы, 2019 жылы Ақтау қаласында басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Отбасылы, 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.