Жаналық

ӘКІМ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ. Аналар бір қолмен әлемді, енді бір қолымен бесікті тербейді деген тәмсілдің түбі, анаға деген құрметті еселей түседі. Осындай үрдіспен аналар мерекесінде айтулі шаралар жалғасты.

2020-03-06 55 рет қаралды


Аналар бір қолмен әлемді, енді бір қолымен бесікті тербейді деген тәмсілдің түбі, анаға деген құрметті еселей түседі. Осындай үрдіспен аналар мерекесінде айтулі шаралар жалғасты.
Бүгін аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Жаңақорған ауданының өсіп өркеуіне елеулі үлес қосқан ауданымыздың құрметті аналары Әлімбетова Амила, Баязитова Хадиша, Тілеубаева Фатиманы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап арнайы үйлеріне ат басын бұрды.Аудан әкімінің тобында болған Жаңақорған кенті әкімінің міндетін атқарушы Сейлов Есдаулет Мырзадаулетұлы мерекеге арналған кәде сыйын табыстады. Ақжаулықты аналар ел тізгінін ұстаған басшыларға ризашылық білдірді.