Жаналық

2020 жылғы 10 наурыздағы Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 5 хаттамасы негізінде Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі мәселе талқыланды.

2020-03-12 38 рет қаралды

           2020 жылғы 10 наурыздағы Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 5 хаттамасы негізінде

Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі мәселе талқыланды.

Қатысқандар: жұмыс тобының басшысы: Е.Ильясов, жұмыс тобының мүшелері:И.Нарзилдаев, Н.Әмір және жұмыс тобының хатшысы: Т.Шерубаев

          Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі А.Көгенбаевтың кеңес құрамынан шығуына байланысты, Қоғамдық кеңестер туралы заңның 9-бабына сай қоғамдық кеңестің бос мүшесінің орнына ұсынылған Мұсабай Серік Абыдынұлы мен Ахметов Мадиярдың кандидатуралары талқыланды.

         Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша аталған мәселе өзара пікір және талқыға салынып, жұмыс тобы мүшелері ұсынылған кандидаттарға ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Ахметов Мадиярдың кандидатурасын жақтап дауыс берді.

   Жаңақорған ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына енгізілген өзгеріс

Жаңақорған ауданының мәслихаты сессиясының қарауына ұсынылды.