Жаналық

Тағы бір жаңақорғандық науқас індетті жеңді

2020-04-21 71 рет қаралды


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 26-ға жетті. Бүгін, яғни 21.04.2020 ж. күн бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 1 науқас емделіп шықты.

Емделушінің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқас "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан шығарылды.

Індетті жеңген науқас Жаңақорған ауданының тұрғыны.

Емделуші алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.

Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 25 науқас "Covid-19" індетінен айыққан болатын. Қазіргі таңда аймағымызда барлығы 26 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.