Жаналық

Қызылорда облысында карантин режимі жеңілдетілді

2020-04-29 57 рет қаралды

 Көп қабатты үйлердің тұрғындарына аулаға серуендеуге, ал балаларға ересектермен бірге ойын алаңдарына шығуға рұқсат етілді. Бұл ретте бетперде тағып, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау керек. Балалар алаңында сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін ойнауға рұқсат етіледі.
   Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (№11) жаңа қаулысымен шектеу шараларының кезең - кезеңімен жеңілдетілуі енгізіледі: бірінші кезең 29 сәуірден, екіншісі-2020 жылдың 4 мамырынан басталады.
    29 сәуірден бастап облыс орталығында қоғамдық көліктер қызметін бастайды. Таңертең сағ. 06: 00-ден 09: 00-ге дейін, кешке сағ.18: 00-ден 20:00-ге дейін.
   Азық-түлік дүкендері жұмыс режимін 20:00-ге дейін ұзартты. Ал дәмханалардан тағамдарды жеткізу қызметі бойынша 22:00 дейін тапсырыс беруге болады.
  Саяжай егелеріне демалыс және мереке күндері сағат 06: 00-ден 18: 00-ге дейін өз жер телімдеріне баруға рұқсат берілді. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын және саяжай учаскесіне меншік құқығын растайтын құжаттар болу керек. Көшеттер мен егуге арналған тұқымдарды қала және аудан әкімдіктері белгілеген жерлерде сатып алуға болады.
    Карантиндік режимді кезең-кезеңмен жеңілдету бірінші кезекте өнеркәсіпке, шағын және орта бизнеске, құрылысқа, ТКШ мен көлікке қатысты болды.
     Бірінші кезеңде 29 сәуірден бастап ШОБ келесі түрлерінің қызметі жаңартылады:
сақтандыру және нотарильных кеңселер;
- жеке медициналық қызметтер (ЛОР, стоматологиялық кабинеттер, офтальмология, ультрадыбыстық зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология), оптика дүкендері;
- ТЖО, Автожуу, Вулканизация;
- шаштараз;
- аяқ киім шеберханалары;
- электроника және тұрмыстық техника саудасы "тұтынушыға дейін жеткізу қағидаты бойынша", сондай-ақ жөндеу қызметтері;
- курьерлік қызметтер;
     Екінші кезеңде 4 мамырдан бастап ашылады:
- Автобөлшектер, құрылыс материалдары және сантехника сату бойынша ауданы 500 ш. м. астам сауда нүктелері;
- Автосалондар;
- баспахана қызметтері;
- өртке қарсы және күзет құрылғыларына сервистік қызмет көрсету;
- тігін шеберханалары;
 Қызметті қайта бастауға рұқсат етілетін объектілердің басшылары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, эпидемияға қарсы шаралардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
   Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №11 Қаулысымен алдыңғы, 2020 жылғы 18 сәуірдегі №10 Қаулысының күші жойылады.