Жаналық

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТУ ЖӨНІНДЕ

2020-04-29 52 рет қаралды


Жаңақорған ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 сәуір күнгі №94-Ө өкімімен бекітілген Жаңақорған ауданы бойынша төтенше жағдайды кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын
салалар мен объектілер тізімін жариялаймыз.

1. Құрылыс индустриясындағы кәсіпорындар (құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар (мысалы құрылысқа қажетті кірпіш, темір-бетон зауыттары, құм, щебень және т.б.));
2. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын мердігерлер (сумен қамту және газдандыру жобалары бойынша);
3. Аудан шегіндегі жол құрылысы, жөндеу жұмыстарын жүргізетін заңды тұлғалар (Жаңақорған кенті ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарынан басқа);
4. Микроқаржы ұйымдары (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
5. Сақтандыру компаниялары (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
6. Нотариустар, адвокаттар мен сот орындаушылар (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
7. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциялары (СТО) (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
8. Көлік жуу (Автомойка) (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
9. Желімдеу (Вулканизация) (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
10. Аяқ киім жөндеу шеберханалары (жұмыс уақыты сағат 10-00 ден 18-00 дейін);
11. Дақыл тұқымдары мен көшеттерін сататын жеке және заңды тұлғалар (Құрманғазы көшесі,«Исатай» шаруақожалығының алды (бұрынғы шөп сататын орын)).

Құрметті Жаңақорғандықтар!
Жаңақорған ауданы бойынша төтенше жағдайды кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын және тұрақты жұмыс жасауға рұқсат етілген барлық жеке және заңды тұлғаларға күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық, бетперделік режимдердің және әлеуметтік қашықтық сақталу қажет.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі