Жаналық

Хабарландыру! 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастайтын объектілер

2020-05-04 53 рет қаралды

Құрметті Жаңақорған ауданының тұрғындары!

Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №11 Қаулысы мен аудан әкімінің 29.04.2020 ж № 94 санды өкімімен төтенше жағдай кезінде
4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастайтын объектілер

І. ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
- Стоматология, офтальмология, ультрадыбысты зерттеулер,
- МРТ, ЛОР, КТ, зертханалар, гинекология, урология. Қызмет алушыны бір мезетте жинамау, алдын-ала жазылу арқылы қызмет көрсету (телефон арқылы жазылып, журналға есебін жүргізіп отыру).

2. ШАШТАРАЗ
-тек шаш қысқартуға ғана рұқсат етіледі;
(сұлулық салондарға, барбершоптарға рұқсат етілмеген) Қызмет алушыны бір мезетте жинамау, алдын-ала жазылу арқылы қызмет көрсету (телефон арқылы жазылып, журналға есебін жүргізіп отыру).

3. ТІГІН ШЕБЕРХАНАЛАРЫ

4. БАСПА ҚЫЗМЕТТЕРІ

5. ӨРТКЕ ҚАРСЫ және КҮЗЕТ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАР

6. ЭЛЕКТРОНИКА және ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА САТАТЫН САУДА ҮЙЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ және ОЛАРДЫ ЖӨНДЕУ ҚЫЗМЕТІ

7. ҚҰРЫЛЫС, САНТЕХНИКА МАТЕРИАЛДАРЫН САТАТЫН САУДА ОРЫНДАРЫ

8. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР САТАТЫН САУДА ОРЫНДАРЫ

БАРЛЫҚ 8 ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ: САҒАТ 09.00 ДЕН 18.00 ГЕ ДЕЙІН

ЕСКЕРТУ МАҢЫЗДЫ
- Эпидимиологиялық жағдайға орай, санитариялық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтап жұмыс жасауға міндетті;
- Объектіні дизенфекциялап отыру, антисептикалық сұйықтықтың болуы, әр сағат сайын бөлмеде ауа алмастырып тұру;
- Қызмет алушыны бір мезетте жинамау, алдын-ала жазылу арқылы қызмет көрсету (телефон арқылы жазылып, журналға есебін жүргізіп отыру).

Тұтынушы есіңде болсын.
- Ең маңыздысы өз өміріңе қауіп төндірмеу. Эпидахуал тұрақтанғанға дейін сақтық шаралын ұстану өмірлік дағдыңызға айналуы тиіс.
-11 мамырда төтенше жағдай мерзімі біткенімен, әр өңірдің эпидахуалына байланысты созылуы мүмкін.
- Біздің ауданда мамыр айының соңына дейін, одан әрі де жалғасуы ықтимал. Сондықтан сыртқы блок-бекеттер күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
- Кешкі сағат 21:00 ден таңғы сағат 06:00 ге дейін негізсіз жүріп-тұруға қатаң тиым салынған.
Карантин режимі кезінде барлық талаптар, шектеулер сақталуы тиіс.

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.