Жаналық

Рамазан айында 3-ші баспананың құрылысы басталды

2020-05-01 55 рет қаралды


  Қасиетті Рамазан айының, жұма күні "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобы шын мұқтажға арналған 3-баспананың қабырғасын қалады. Бұған дейін асар әдісін жаңғырту арқылы 2 тұрғын үйді пайдалануға берген ерікті жастар енді үшінші баспананы соғуға белді буып кірісіп кетті.

Өз кезегінде "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қорының аға буын өкілі Қоғамбек Бейсенбиев, Қайрат Оралбеков, Дәулет Тұрабаев, Арман Мажитов, Нұрхан Айдаров және қор төрағасы Еркінбек Айнақожаев Жаңақорған жастары мен жомарт жандарды қасиетті айда бастау алған берекелі іске атсалысуға шақырды.
Айта кететіні, бұған дейінгі 2 тұрғын үй құрылысында іргетасын қалаудан бастап, қоныс тойына дейінгі қарекетте "ЖЖЖ" белсенді мүшесі Данияр Асанұлы жауапты болған еді. Бұл жолы да баспананың құрылысы біткенше ерікті бригадир ретінде Данияр бауырымызға таңдау түсті.