Жаналық

Коммуналдық төлемге байланысты CALL орталық жұмыс істеп тұр

2020-05-05 52 рет қаралды


Жаңақорған ауданында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет шығындарын (ауыз су, электр жарығы, газ, жылу) өтеуге қатысты CaII-орталығы жұмыс жасауда.

Күнделікті кешкі сағат 19.00 ге дейін тұрғындар осы мәселеге байланысты 21017, 21296, 21589, 21792, 21793, 21794 телефон номерлеріне хабарласып біле алады.

Қадірлі Жаңақорғандықтар! Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет ақысы есебінде берілетін 15 мың теңгені алу үшін бар болғаны call орталыққа хабарласып, өтініш берсеңіз болды. Ешбір мекемеге бару қажет етілмейді. Тек тұтынушы өз өтінішінде жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін, есепшотын көрсетуі тиіс.

Аталған әлеуметтік көмек төменде көрсетілген санаттағы тұрғындарға тиесілі:

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

6) мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін және әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін орындау кезінде кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.