Жаналық

Кентте сәулеттік жаңа жобалар іске асырылады

2020-05-13 58 рет қаралды


 

Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесінің бойындағы темір жол вокзалы аумағында орналасқан ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарихи-мәдени сараптама қорытындысына (2019 жылдың 29 желтоқсанындағы №AR-02/19) сәйкес, ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішінің орын ауыстыру және өзгертуге қорытынды берілген болатын.

- Ескерткіш бастапқы белгілеу бойынша ашаршылық және құғын-сүргін құрбандарына арналып қойылмаған және 1969 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу орны болған. 1995 жылы кент орталығынан Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай "Тағзым алаңы" ашылып, ескерткіш белгі орнатылғаннан кейін бұл жер ашаршылық құрбандарын еске алу орны болып аталған.
- Ескерткіш авторы белгісіз, мазмұны "Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына" арналған ескерткішке сәйкес емес, тарихи-мәдени, сәулеттік құндылығы жойылған" деген қорытынды берілген.

Қазіргі таңда, "Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы" ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №219 бұйрығына сәйкес орнын ауыстыруға берілген оң қорытынды негізінде ескерткішті жаңартып, сәулеттендіруге Жаңақорған кенті, Тәуелсіздік көшесінің бойына (Ауған соғысы ардагерлері және Семей Невада мен Чернобыль апатына қатысушыларға арналған ескерткіш жанына) ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Кенттің орталығы, темір жол вокзалы аумағында орналасқан ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу ескерткішінің орны абаттандырылып, жаңа типтегі жобасын жасау жоспарлануда.

1 және 2 фото эскиз ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш.
3 және 4 фото эскиз А.Иманов көшесінің бойындағы темір жол вокзалы аумағы.